Тренингтер мазмұны

Математиканы сезін

ГеоГебра тренингі: Бастапқы деңгей

Бұл тренинг ГеоГебра бағдарламасымен бұрын жұмыс істеп көрмеген мұғалімдерге арналған. Осы тренингте ГеоГебра бағдарламасы бойынша келесілерді үйренеміз:

  • ГеоГебраны компьютерге, смартфонға көшіріп алу.
  • ГеоГебра сайтына тіркелу, материалдарды көшіріп, оларды өзгерту, бейімдеу.
  • Қарапайым сызбаларды салу.
  • Төртбұрышты салу.
  • Дұрыс үшбұрышты салу.
  • Тең бүйірлі үшбұрышты салу [өздік жұмыс].
  • Квадрат салу.
  • Дұрыс алтыбұрышты салу [өздік жұмыс].
  • Слайдер арқылы квадрат үшмүшенің қасиеттерін зерттеу.